К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қыркүйек 12:41

KEGOC Директорлар кеңесі Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіруді мақұлдады

Бұдан басқа, отырыста компанияның 2024 жылғы І жартыжылдықтағы қаржылық есептілігі қаралды, ол ағымдағы жылдың 11 қазанында өтетін акционерлердің жалпы жиналысының қарауына а.ж. І жартыжылдықтағы дивидендтердің мөлшерін айқындау туралы мәселемен бірге ұсынылатын болады.

Батыс аймақты Қазақстан БЭЖ-нің негізгі бөлігімен республика аумағы бойынша біріктіру елдің батыс облыстарының энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар энергия жүйесінің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарының электр энергиясы мен қуатының теңгерімсіздігін өтеу үшін Батыс аймақтың маневрлік генерациясын пайдалануға мүмкіндік береді Батыс аймақтың өткізу қуаты 500 МВт-қа дейін артады.

Инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың электр энергетикалық жүйенің Оңтүстік аймағын күшейту, кейіннен Қазақстанның БЭЖ-імен біріктіре отырып, Батыс өңірлер арасындағы транзиттік байланыстарды күшейту схемасын әзірлеу туралы тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда.

Жоба шеңберінде ұзындығы 604,3 км болатын 500 кВ «Қарабатан ТП – Өлке ҚС» ӘЖ салу, 500 кВ «Өлке» ҚС реконструкциялау және кеңейту, сонымен қатар 500 кВ «Қарабатан» ТП АТҚ-сын салу көзделген. Жобаның аяқталу мерзімі - 2027 жылғы желтоқсан Мердігерлер «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу қағидаларының конкурстық рәсімдеріне сәйкес таңдалды. Жобаны қаржыландыру «KEGOC» АҚ-ның меншік қаражаты және Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің тартылатын қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.