Компания тарапынан вахталық автомашина, жылытуға арналған жылжымалы вагон және жылжымалы электр станциясы бөлінді. Екібастұз қаласының егде жастағы тұрғындарына жедел көмек көрсету үшін еріктілерге шағын автобус берілді.
Электр энергиясын тұтынудың күрт өсуіне байланысты KEGOC филиалының барлық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қаланы үздіксіз электрмен жабдықтау қамтамасыз етілуде.