К 30-летию Независимости Казахстана | 12 маусым 09:28

КЕGOC электр желілері: Қысқа дайындық қалай?

Жөндеу науқаны биылғы қазан айына дейін жалғасады.

КЕGOC-та электр желілері нысандарын алдағы 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнен өтуге дайындау қарқынды жүріп жатыр.

Жөндеу науқаны ағымдағы жылдың қазан айына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында ұзындығы шамамен 1600 км болатын 91 электр беру желісін және қосалқы станциялардың 30 бірлігін, оның ішінде: 500 кВ шунттаушы реакторларды, 110-220-500 кВ автотрансформаторлар мен трансформаторларды жөндеу, сондай-ақ жеке қажеттіліктер трансформаторы мен 500 кВ ажыратқыштар және 220 кВ айырғыштарды жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, ғимараттар мен автотехника, өзге де негізгі құралдар жөндеуден өтетін болады және қосалқы бөлшектердің, жанар-жағармай материалдарының авариялық қоры толықтырылады.