2022 жылы 94 электр беру желісін және 37 бірлік қосалқы станция жабдықтарын жөндеу, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстар мен автотехниканы жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта электр берудің әуе желілері мен қосалқы станциялардың жабдықтарындағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бұдан басқа, авариялық жағдайлар туындаған жағдайда материалдардың, қосалқы бөлшектердің, конструкциялардың және жанар-жағармай материалдарының авариялық қоры толықтырылуда. Желілік бригадалар мамандандырылған техникамен, барлық қажетті құрылғылармен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген.
Аталған жұмыстар Қазақстанның Ұлттық электр желісінің сенімді жұмыс істеуі және жүктемелердің күзгі-қысқы максимумынан табысты өтуі үшін қажет. Электр желілік объектілерді дайындау жөніндегі жұмыстар бекітілген мерзімде және толық көлемде аяқталатын болады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін барлық есептік құжаттар күзгі-қысқы кезеңге өтуге әзірлік паспортын алу үшін энергетика министрлігіне берілетін болады.