Бұл Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарын энергиямен жабдықтауда шамамен 600 МВт (тұтынудың шамамен 10%) көлемінде шектеулер әкелді.
«KEGOC» АҚ электр желілерінің аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде іске қосылды, соның арқасында Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде толық ажыратуға жол берілмеді.
Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларының жүктемесін толықтай көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Электр жеткізу желісіндегі зақымдануды анықтау және жою үшін жөндеу бригадаларының шығуы ұйымдастырылды.