К 30-летию Независимости Казахстана | 14 наурыз 08:30

KEGOC энергетиктері донор қозғалысына үн қосты

«KEGOC» АҚ 2022 жылғы наурыз айының 10 күнін «Донор күні» деп жариялады.

Орталық кеңседе өткен игілікті шараға компания ұжымы белсенді түрде қатысты.

Сонымен қатар, көшпелі медициналық бригадасы қан тапсыруға келген барлық қызметкерлерге міндетті медициналық тексеру жүргізді.

 

Донор – қан тапсыратын адам. Оған көп талап қойылмайды. Донордың жасы 18-ден асқан болуы керек. Дәрігерлер донор болу денсаулықты жақсартады дейді. Тұрақты түрде қан тапсыратындар­дың өмірі шамамен 5 жылға ұза­рады екен. Ал бір рет қан тапсыр­ған донор орта есеппен үш адам­ның өмірін құтқара алады. Донор болуға кез келгеннің мүмкіндігі бар. Бірақ қойылатын талаптарға сай болуы керек.

Нақтырақ айтқанда:

18-60 жастағы кез келген адам; салмағы 50 келіден асуы тиіс; дене температурасы 37 градустан төмен болуы керек; систолалық қысымының сынап бағанасы 90-нан 160-қа дейін, ал диастолалық көрсеткіш 60-тан 100-ге дейін болуы шарт; тамыр соғысы минутына 100-ден артық, 50-ден кем болмауы керек.

Донор болатын кез келген жан алдымен терапевт-трансфузиолог дәрігердің кеңесін алуы керек.