К 30-летию Независимости Казахстана | 01 желтоқсан 10:10

KEGOC филиалындағы келелі кездесу

«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов «Солтүстік ЖЭТ» филиалының еңбек ұжымымен кездесті.

Филиал қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Ұлттық электр торабының сенімді жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл өңірде еліміздің электр энергиясының 40%-дан астамын өндіретін МАЭС-1, МАЭС-2 және «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ-ның ұлттық маңызы бар станциялары орналасқан.

Аймақ электр энергиясының артықшылығымен ерекшеледі және алынған қуат KEGOC-тың 500 кВ жүйеаралық және мемлекетаралық желілері арқылы Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік тұтынушыларына жеткізіледі.

 

Кездесу барысында Компания басшысы өткен 10 айдағы қызмет қорытындылары жайында баяндап, келешектегі мақсат-міндеттерге тоқталды.