Кездесу барысында жобаны іске асыру мәселелері, оның ішінде гибридті станцияны кезең-кезеңімен қосу мәселелері талқыға салынды. Жобаның басталу мерзімі 5 шілдеге жоспарланған.
Гибридті электр станциясы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының ауданында жүзеге асырылуда. Гибридті станцияны «Маңғыстау АЭК» АҚ 220 кВ Өзен қосалқы станциясына 110 кВ желілерімен қосу жоспарлануда.
Станция құрылысының кезеңділігі:
1 кезең - 50 МВт КЭС құрылысы. Болжалды мерзімдер 12-14 ай. 2 кезең - ЖЭС құрылысы 77 МВт. Болжалды мерзімдер 15-18 ай. 3 кезең - ГТЭС құрылысы 120 МВт. Болжалды мерзімдер 19-24 ай.Мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш іске асырылмақ. Бұл Қазақстан ҰЭТ-на қосылатын алғашқы гибридті жоба. Ол өңірдегі өндірістік объектілерді тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін болады. Жобаның толық қуатына шығу мерзімі 2026 жылға жоспарланған.