Энергетика секторын цифрландыру тақырыбы талқылаудың негізгі өзегіне айналды. Тараптар Қазақстанның энергетикалық жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін арттыру мақсатында Smart Grid технологияларын және цифрлық қосалқы станцияларды енгізу мүмкіндігін қарастырды.
Осы ынтымақтастық шеңберінде Siemens Energy озық технологияларын зерделеу мақсатында тәжірибе алмасу бағдарламасы ұсынылды. Бұл энергия желілерін автоматтандыру және мониторингтеу мен басқарудың интеллектуалды жүйелерін құру үшін шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.
Кездесу нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл энергетикалық инфрақұрылымды цифрландыру, электр энергиясын жеткізу технологияларын дамыту және жаңартылатын энергия көздерін желіге біріктіру сияқты салаларда бірлесіп жұмыс істеу үшін негіз болады.