«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев үш жыл мерзімге тағайындалды, оның «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Сүйіншілік Тиесов сайланды.
Сонымен қатар Ернат Бердіғұловты «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды.
Сүйіншілік Тиесов пен Ернат Бердіғұловтың өкілеттік мерзімі жалпы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге белгіленген.