KASE байқауының қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ «Жылдық есептің үздік дизайны» және «Жылдық есептің Үздік интерактивті нұсқасы» номинациялары бойынша лауреат атанды.
Сондай-ақ, «KEGOC» АҚ «KASE-де корпоративтік «жасыл» облигациялардың бірінші шығарылымы» үшін атап өтілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 21 желтоқсанда «KEGOC» АҚ-ның алғашқы «жасыл» облигациялары KASE сауда алаңында жалпы көлемі 16,1 млрд. теңге 3% маржамен орналастырылған болатын.
Тартылған қаражат «KEGOC» АҚ филиалдарының кВ 220-500 ӘЖ реконструкциялау», «Қазақстанның БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерін салу» инвестициялық жобаларын қаржыландыруға арналған.