Компанияның өндірістік нысандарында электр жеткізу желілерін, ғимараттар мен құрылыстарын ағын судан қорғау бойынша 285 іс-шара әзірленген. Су басу қаупі бар электр жеткізу желілерінің учаскелерінде жоғарыдан бақылау жасалынып, қосалқы станцияларда және басқа да өндірістік аумақтарда қар күреу жұмыстары жүргізілуде.
Электр желілік нысандарда авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 665 адамнан тұратын 91 кешенді бригада ұйымдастырылды. Бригадалар 273 автотехникамен, 54 дизель-электр станциясымен және 91 сорғымен жабдықталған. Сондай-ақ «KEGOC» АҚ-да жабдықтардың, материалдар мен қосалқы бөлшектердің апаттық қоры көзделген.
Осы кезеңде энергетиктер ауа-райының өзгеруін және өзендер мен су айдындарының деңгейін тұрақты бақылау үшін жергілікті атқарушы және аумақтық органдармен, гидрометеорологиялық қызметтермен тығыз байланыста жұмыс істеуде.