Жұмыстар 589 нысанды қамтиды. Атап айтқанда 100 электр жеткізу желісі, 38 қосалқы станциялар жабдығы, 107 ғимарат пен құрылыс нысаны, 337 бірлік автокөлік және 7 өзге деқұралдар бар.
Жөндеу жұмыстарының соңына қарай жүктеменің жоғары кезеңінде жұмыс істеуге дайындық паспорты алу жоспарланып отыр. Электр жеткізужелілері мен қосалқы станция жабдықтарына жөндеу жүргізіледі. Ғимараттар, құрылыстар және автокөлік жаңартылады. Апаттық материалдар мен қосалқы бөлшектер қоры қалыптастырылады. Трансформатор майы мен жанар-жағармай материалдарының қажетті көлемі қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес орындалатын болады.
Жөндеу науқаны ең жоғары жүктеме кезеңінедайындықтың негізгі кезеңі болып табылады. Жұмыстардың сапасы менуақытылы орындалуы энергия жүйесінің сенімділігіне тікелей әсер етеді, — деп атап өтті «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақытхан Жазықбаев.Компания сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруда. Өндірістік филиалдарда арнайы комиссиялар құрылды. Қазіргі уақытта нысандарды су басу қаупі жоқ.