Биылғы сәуір айында басталған жөндеу науқанының барысында 94 әуе электр жеткізу желісінде жоспарлы жұмыстар жүргізілді, 37 қосалқы станция жабдығы жөнделді. Бұдан басқа, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, конструкциялардың авариялық қоры толықтырылды, қыс мезгілінде Қазақстанның Ұлттық электр торабының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті трансформаторлық май мен жанар-жағармай материалдарының жеткілікті қоры жасалды.
Уәкілетті орган KEGOC-тың барлық тиісті жұмыстарды орындағанын және күзгі-қысқы ең жоғарғы жүктеме кезеңінде тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге дайындығын растады.