К 30-летию Независимости Казахстана | 18 сентября 09:36

KEGOC қызметкері қол күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

KEGOC мақтанышы: Анель Сыздықова — қол күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері

«KEGOC» АҚ қызметкері Анель Сыздықова Болгарияның Албена қаласында өткен қол күрестен 46-шы әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды. Анель бірден екі санатта — оң және сол қол бойынша күресте жүлдегер атанды.

Әлемдік додаға 57 елден 1500-ден астам спортшы қатысты. Анельдің бұл жарысқа баруына компания қолдау көрсетті, қазір әріптесіміздің жеңісі — бүкіл компаниямыздың жеңісі іспетті. Анельдің жетістігіне қуаныштымыз! Жаңа жеңістер тілейміз!