К 30-летию Независимости Казахстана | 12 желтоқсан 16:34

KEGOC қызметкері «Qazaqstan Project Management Awards» байқауында жеңіске жетті

«KEGOC» АҚ Процестік басқару департаментінің бас менеджері Құралай Айтжанова жыл сайын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастасымен өткізілетін «Qazaqstan Project Management Awards» жобаларды басқару ұлттық байқауының «Жылдың үздік жоба менеджері» аталымы бойынша «Алтын жұлдызды» жеңіп алды.

Биылғы жылы байқауды қорытындылау өзгеше болды. Аталмыш байқаудың қатысушыларын ынталандыру мақсатында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі бүгін Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Алтын сапа» сыйлығының алаңында өтті.