К 30-летию Независимости Казахстана | 09 ақпан 09:00

KEGOC қызметкерлердің жалақысын көтерді

«ҚР президентінің «Самұрық-Қазына» қорын реформалау мәселелері бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатындағы іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру аясында  «KEGOC» АҚ-да қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға қатысты бірқатар мәселелер шешілді.

Компанияда биылғы 1 ақпаннан бастап қызметкерлердің қызметақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін, атап айтқанда өндірістік персонал үшін орташа алғанда 25%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандар үшін орташа алғанда 18%-ға өсіру туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте топ-менеджменттің және орталық аппараттың орта буын басшыларының жалақылары көтерілмейді.

Сонымен қатар тоқсандық сыйақы мөлшері де өсті, соның есебінен жылдық жиынтық табыс 2022 жылы жұмысшы персонал үшін 28%-48%-ға, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мамандар үшін 15%-36%-ға және орта буын басшылары үшін 10%-15%-ға өседі.

Компания өз қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше мән береді және осы бағытта қабылданған жүйелі шаралардың арқасында 10 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ портфелдік компаниялары арасында әлеуметтік тұрақтылық көрсеткіштері бойынша көш бастап келеді.