К 30-летию Независимости Казахстана | 17 марта 08:20

KEGOC қызметкерлері «Донор күні» акциясына қатысты

Компанияның 56 қызметкері қан өткізді.

«KEGOC» АҚ Астана қаласының донорлық қозғалысына қатысып, «Донор күні» деп жариялады. Бұл күні атқарушы дирекцияда «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлері мобильді қан алу пунктін ұйымдастырды.

Қан тапсыруға келген компанияның барлық қызметкерлері тегін медициналық тексеруден өтті.

 

Донорлық қозғалысқа барлығы 56 қызметкер қатысты.