К 30-летию Независимости Казахстана | 16 тамыз 08:55

KEGOC Маңғыстау энергия торабындағы қуат тапшылығын түсіндірді

2022 жылғы 15 тамызда сағат 05:56-де Маңғыстау облысындағы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жылу электр станциясында №1 энергия блогы апаттық жөндеу жүргізу үшін ажыратылды. Нәтижесінде Маңғыстау энергия торабында электр энергиясы мен қуат тапшылығы пайда болды, деп хабарлады «KEGOC» АҚ баспасөз қызметі.

Энергия блогын жөндеу кезінде Маңғыстау өңірлік электр желілік компаниясының (Маңғыстау ӨЭК) электр желілерінде «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС электр станциясының өнеркәсіптік тұтынушы кәсіпорындарына шектеулер енгізіледі. Халықты энергиямен жабдықтау басым түрде, толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс.

«KEGOC» АҚ электр желілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, апаттық ажыратулар жоқ.