Жыл сайын Ұлттық электр торабының сенімді жұмыс істеуі және күзгі-қысқы кезеңнен сәтті өтуге электр желілік нысандарды дайындау үшін KEGOC электр жеткізу әуе желілері мен қосалқы станциялардың жабдықтарына жыл сайын ауқымды жөндеу-пайдалану жұмыстары жүргізіленді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған жөндеу науқаны барысында 500-ден астам нысанға (әуе электр жеткізу желілері, қосалқы станциялардың жабдықтары) жоспарлы жөндеу жүргізілді.
Материалдардың, қосалқы бөлшектердің, конструкциялардың авариялық қоры толықтырылды, қыс мезгілінде Қазақстанның Ұлттық электр торабының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті трансформаторлық май мен жанар-жағармай материалдарының жеткілікті резерві жасақталды.
Жөндеу жұмыстары кезінде компанияның электр желілік нысандары штаттық режимде жұмыс істеді. Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды: KEGOC жарақаттанудың нөлдік принциптерін қатаң ұстанады, барлық жөндеу жұмыстары қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жүргізілді.
Уәкілетті орган KEGOC барлық қажетті жұмыстарды мерзімінен бұрын орындағанын және жүктемелердің күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге дайындығын растады.