К 30-летию Независимости Казахстана | 03 мамыр 10:38

KEGOC өкілдері III Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты

Сапар шеңберінде компания басшылығы Энергия үйлестіру-диспетчерлік орталығына барды.

«KEGOC» АҚ басшылығы Қазақстан Республикасы делегация құрамында III Ташкент халықаралық инвестициялық форумы шеңберінде ұйымдастырылған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының отырысына қатысты.

Отырыстың негізгі бағыты су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері болды. Қатысушылар бірлескен жобалар мен даму стратегияларына қатысты пікір алмасты.

Сонымен қатар, сапар шеңберінде компания басшылығы Энергия үйлестіру-диспетчерлік орталығына барды. Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасып, ынтымақтастықты арттыруға келісім білдірді.