KEGOC экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева компания қызметі туралы ақпарат беріп, Қазақстанның қор биржаларында IPO және SPO өткізу тәжірибесімен бөлісті.
KEGOC акциялары Қазақстандық қор нарықтарында орналастырылған. Бүгінгі күні KEGOC акцияларының 15%-ы еркін айналымда және екі қазақстандық қор биржасында, яғни KASE және AIX-тегі тізімнен көруге болады.
KEGOC-та тартымды дивидендтік саясат қалыптасқан – компания таза пайданың кем дегенде 60%-ын дивидендтерге бөледі және жылына екі рет дивиденттер төлейді.
KEGOC акциялары құнының өсу әлеуеті компанияның қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруымен тікелей байланысты. Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайда көлемі 113,2 млн АҚШ долларына дейін өседі деп күтілуде, ал 2025 жылға болжам – шамамен 122 млн АҚШ доллары. KEGOC мемлекет пен компания акционерлерінің мүддесі үшін жоғары қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында қызметті жетілдіруді әрі қарай жалғастырады, - деп атап өтті Айгүл Әкімбаева.