«KEGOC үшін қызметкерлер, олардың қауіпсіздігі мен денсаулығы ең жоғары құндылық болып келді және болып қала береді. Сондықтан 2022 жылы компанияның барлық өндірістік филиалдарының басшылары Health & Safety саласындағы жеке міндеттемелерге қол қойды. Олар KEGOC-тың әрбір қызметкеріне қауіпті жағдайлар туындаған жағдайда жұмысты тоқтату құқығын береді», – деді «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.
KEGOC – «Vision Zero» қозғалысының қатысушысы. Компанияда 3 935 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 61 қызметкер «Health & Safety» шартына қол қойған.
Компаниядағы жүйелік тәсілдің тиімділігіне 2023 жылдың қорытындылары дәлел. Уақытша еңбекке жарамсыздық жарақатын алу коэффициенті (LTIFR) 3 есеге қысқарды, ал өлім-жітім коэффициенті (FAR) нөлге дейін төмендеді. Жүргізілген қауіпсіздік аудиттерінің нәтижелері бойынша анықталған қауіпті әрекеттер саны 23%-ға, анықталған қауіпті жағдайлар саны 20%-ға азайған.
Қабылданған шаралардың арқасында 2023 жылы KEGOC «S&P» ESG рейтингін 70-тен 51 балл деңгейінде берді.