«KEGOC» АҚ «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілердің құрылысы» жобасын жүзеге асыруға кіріседі. Осыған орай, Азия Даму Банкінің жеке сектор инфрақұрылымдық жобалар департаментінің директоры Шантану Чакраборти (Shantanu Chakraborty) және «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев жобаны қаржыландыру бойынша бірлескен ынтымақтастық туралы келісім-хатқа қол қойды.
Жобаның 1 кезеңі бойынша негізгі жұмыстарға «Шу – Жамбыл», «Жамбыл – Шымкент» бағыттарында кернеуі 500 кВ болатын электр жеткізу желілерінің жаңа тізбектерін салу, сондай-ақ 500 кВ-тық «Шымкент», «Жамбыл» және «Шу» үш қосалқы станцияны қайта құру және кеңейту кіреді
Жобаның 1 кезеңі 30% компанияның меншікті қаражаты және 70% қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады. Іске асыру мерзімі: 2021-2027 жылдар.
Жобаны іске асыру «KEGOC» АҚ «Энергиялық ауысу жағдайында Қазақстанның БЭЖ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету» дамуының үш стратегиялық мақсатының біріне қол жеткізу үшін «Электр энергиясын жеткізудің жаңа желілері мен қосалқы станцияларын салу арқылы ҚР ҰЭТ өткізу қабілетін арттыру» міндетін орындауды қамтамасыз етеді.