К 30-летию Независимости Казахстана | 22 сентября 15:43

KEGOC отандық тауар өндірушілермен ынтымақтастықты күшейтуде

Астанада «KEGOC» АҚ-да қазақстандық кәсіпорындардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Компания отандық өндірушілерден сатып алу үлесін арттыруда: 2022 жылы 54% болса, 2025 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 63%-ды (15 млрд тг) құрады.

Офтейк-келісімшарттар тәжірибесінде де айтарлықтай өсім байқалады: олардың саны 2022 жылғы 4-тен 2025 жылы 10-ға жетіп, жалпы көлемі 20,9 млрд тг-ден асты. Бұдан бөлек, келісімшарттарға «Самұрық-Қазына» қорының Тізіміне енген компаниялардан міндетті сатып алу талабы енгізілуде. Бұл Қордың жергілікті өндірісті және отандық тауар өндірушілерді қолдау бастамаларымен үйлеседі. Бүгінде KEGOC елдің жетекші кәсіпорындарымен – Asia Trafo, Кентау трансформатор зауыты, Өскемен конденсатор зауыты, Қайнар-АКБ және басқа да өндірушілермен серіктестік орнатып отыр.

 Компания әріптестікті дамытуды, офтейк-келісімшарттарды кеңейтуді және электротехника мен машина жасау салаларында жаңа өндірістерді ынталандыруды жалғастырады.