Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қазақстан Республикасының Су шаруашылығы және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы, «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының өкілдері қатысты.
Кездесудің басты назары күзгі-қысқы кезеңде су-энергетикалық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Қатысушылар желілердің жұмыс кестелерін келісе отырып, жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудің одан арғы шараларын талқылады.
Сонымен қатар, Қамбар ата ГЭС-1 құрылысын салу барысы және су-энергетикалық теңгерімді келісу мәселелері бойынша негізгі бірлескен жобалар талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.