Өтінім берген және төлеген инвесторлар арасында акцияларды бөлу 2023 жылдың 7 қарашасында аяқталады, ал 9 қарашада акциялар инвесторларға тиісті шоттарға аударылады. Қор биржаларындағы қайталама сауданың басталуы 2023 жылдың 10 қарашасына жоспарланған. Айта кетейік, SPO KEGOC Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспары шеңберінде және Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы одан әрі мемлекетсіздендіру, оның ішінде қосымша эмиссия арқылы мемлекеттік активтерді жекешелендіру арқылы жүзеге асырылуда. SPO шеңберінде KEGOC 15 294 118 жай акцияны орналастырды, бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ үлесі компания акцияларының жалпы санының кемінде 85%-ын құрайтын болады. Бір жай акцияның бағасы 1482 теңгені құрады.