Талқылауға «KEGOC» АҚ, «Энергия» үйлестіру диспетчерлік орталығының, «Интер РАО» ЖАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында өңір елдері арасындағы су-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды. Кеңес барысында «KEGOC»АҚ Басқарма Төрағасы Нәби Айтжанов Қырғыз Республикасына электр энергиясын жеткізу/транзит бойынша қабылданған міндеттемелердің толық орындалғаны туралы хабарлады.
Сондай-ақ, кездесуде Камбаратин СЭС-1 құрылысы жобасын іске асыру бойынша бұрын әзірленген «Жол картасын» іске асыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қатысушылары мәселелердің сәтті талқыланғанын атап өтіп, су-энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.