Экологиялық жауапкершілік тек ауқымды жобалардан ғана емес, күнделікті қарапайым әдеттерден де басталады. KEGOC Smart Water Zone экологиялық бастамасына қатысып, суды ұтымды пайдалануға қосқан үлесі үшін SILVER күміс белгісіне ие болды. KEGOC-тың өндірістік қызметінде су негізгі ресурс болмаса да, компания оны үнемді пайдалануға және қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.