К 30-летию Независимости Казахстана | 06 желтоқсан 16:43

KEGOC-та гендерлік теңдікті дамыту идеялары талқыланды

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық акциясы аясында KEGOC-та «Гендер және құқық: гендерлік құзыреттілікті қалай дамытуға болады?» тақырыбында тренинг өтті. 

Тренингке қатысушылар гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселелерін талқылады.

Шараны қорытындылай келе, компанияда әйелдер көшбасшылығын дамыту жұмыстарының жалғасы ретінде тренинг қатысушылары KEGOC әйелдер клубын құруға ниет білдірді.