Атап айтқанда, "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор лауазымына Нұрмағамбетов Жандос Демесінұлы тағайындалды.
Ж.Д. Нұрмағанбетовтың Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласында басшылық лаузымдар атқарған 15 жылдан астам тәжірибесі бар. 2013 жылғы қыркүйектен бастап "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС Бас директоры лауазымын атқарды.
Аталған бұйрыққа сәйкес "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС Бас директоры лауазымына Қуанышбаев Жәнібек Болатбекұлы тағайындалды.
Ж.Б. Қуанышбаевтың еліміздің электр энергетикасы саласында 18 жылдан астам тәжірибесі бар. "KEGOC" АҚ-да 1997 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді. 2009 жылдан бастап Жүйелік қызметтер департаменті директоры лауазымын атқарды.
Сонымен қатар, осыған дейін Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарған Ә.Д. Қуанышбаев "KEGOC" АҚ Басқармасы құрамынан өз бастамасы бойынша шығарылды.
Ал Қазақстан қор биржасының мәліметіне сәйкес, "KEGOC" АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 ақпандағы шешімімен Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры Ж.Д. Нұрмағамбетов 2020 жылғы 24 ақпаннан бастап басқарма мүшесі болып сайланды.
Осыларды есепке алғанда, "KEGOC" АҚ Басқармасы қазіргі уақытта бес адамнан тұрады - Қажиев Б.Т., Жазықбаев Б.М., Ботабеков А.Т., Сафуани Т.Е., Ж.Д. Нұрмағамбетов.
"KEGOC" АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 25 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 36,0 ГВА болатын 80 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.