К 30-летию Независимости Казахстана | 18 қазан 17:45

KEGOC-та «Қазақша Quiz» интеллектуалды ойыны өтті

Республика күніне орай «KEGOC» акционерлік қоғамының орталық кеңсесінде жастардың қатысуымен «Ойлан да, ойна!» қазақша квиз-зияткерлік сайысы өтті.

Білім сайысына «KEGOC» АҚ-дан, сондай-ақ «Самұрық Қазына» АҚ портфельдік компанияларынан барлығы 9 команда қатысты.

Шараның басты мақсаты – жастарды бір командада жұмыс істеуге, ортақ мақсатқа бірге жетуге және бір-бірін мұқият тыңдауға үйретеді.

 

Сонымен қатар, шара қызметкерлер арасында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге септігін тигізеді.

Қызықты әрі тартысты өткен білім сайысының нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздарға қошамет көрсетілді:

«Энергоинформ» командасы («Энергоинформ» АҚ) «Тату бол» командасы (Атқарушы дирекция) «Samruk United» командасы («Самұрық Қазына» АҚ)