Душанбе қаласында ТМД Электрэнергетикалық кеңесінің 67-отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі ретінде «KEGOC» АҚ Ұлттық электр торабын дамыту жөніндегі басқарушы директор Алмаз Саухимов қатысты.
Кеңесте ТМД елдерінің электр энергетикасындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды, соның ішінде:
ШЫҰ елдерімен энергетикалық әріптестікті кеңейту ТМД отын-энергетикалық кешенін дамыту стратегиясының жобасы Параллель жұмыс істейтін энергожүйелердің тұрақтылығына арналған жаңартылған әдістемелер Кеңестің жұмыс және ұйымдастырушылық мәселелеріKEGOC-тың халықаралық алаңдардағы белсенділігі тәжірибе алмасуға, әріптестікті нығайтуға және Қазақстан энергожүйесінің сенімділігін арттыруға ықпал етеді.