Серік Бағытов жақында тұрғын үйді жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша пәтер сатып алған. Бұл бағдарлама «KEGOC» АҚ-да ағымдағы жылдың басында іске қосылды және жоғары білікті өндірістік кадрларды ұстап қалуға және тартуға бағытталған. Қазіргі уақытта бұл бағдарлама арқылы компанияның 35 қызметкері пәтер сатып алды.
Сондай-ақ, Қаныш Молдабаев KEGOC-тың «Қазақстанның БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілердің құрылысы» инвестициялық жобасының іске асырылу барысымен танысты. Жоба Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың өткізу қабілеті мен сенімділігін арттыруға, республиканың батыс облыстары арасында 220 кВ электр желілерін күшейтуге бағытталған.