К 30-летию Независимости Казахстана | 06 февраля 13:50

KEGOC ұжымы донорлық бастаманы дәстүрлі түрде қолдады

«KEGOC» АҚ әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компания ретінде донорлық бастамаларды дәстүрлі түрде қолдап келеді және ерікті донорлық мәдениеттің дамуына тұрақты түрде өз үлесін қосуда.

Компания қызметкерлері елордалық трансфузиология орталығы ұйымдастыратын Донор күндеріне жүйелі түрде қатысып келеді. Бұл жолы да ұжым жоғары белсенділік танытты.

 

Іс-шара аясында барлығы 95 қызметкер донор болуға ниет білдіріп, медициналық тексеруден кейін олардың 77-сі қан тапсырды. Бұл — денсаулық сақтау жүйесін қолдауға және қан құюға мұқтаж пациенттерге нақты көмек көрсетуге бағытталған маңызды қадам.

KEGOC ұжымы үшін әлеуметтік маңызы бар бастамаларға қатысу — компанияның корпоративтік мәдениеті мен тұрақты құндылықтарының ажырамас бөлігі. Осындай игі істер арқылы компания қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтып, адам өмірін сақтауға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыра береді.