Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектеп инфрақұрылымындағы оқушы орындарының жетіспеушілігі, апатты жағдайдағы мектептер және үш ауысымда оқыту сынды негізгі мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба аясында 2023–2025 жылдары «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арқылы барлығы 208 мектеп салу жоспарланған. Былтыр 125,8 мың оқушыға арналған 104 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 91,5 мың оқушыға арналған 104 мектептің құрылысы аяқталады. Айта кетейік, пайдалануға берілген мектептердегі тауарлар мен жабдықтардың орташа есеппен 78%-ы - отандық өндіріс өнімі.