К 30-летию Независимости Казахстана | 14 маусым 08:26

Кен орнының тазалығы бәріне ортақ

Қаражанбас мұнайшылары жыл бойы экоакциялар ұйымдастырып, кен орны тазалығын қамтамасыз етуге күш біріктіреді.

Бұл жолы да жүзге жуық мұнайшы дәстүрден жаңылмай сенбілікке шығып, цех және учаскелер маңын, жағалау аймағын тазартты.

Бірлескен шарада әртүрлі цех жұмысшылары арамшөптерді шауып, талдарды суарып, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинады.

Нәтижесінде 20 тоннадан астам қоқыс арнайы техникалар көмегімен полигонға жіберілді. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.