«Компанияда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлініп келеді. «Қайнармұнайгаз» басқармасында 2017 жылы азық-түлік сақтайтын 2 мобильдік вагон, кәріз суын тазалап, буландыратын қондырғы іске қосылды, басқарманың кеңсесі күрделі жөндеуден өтті. Уаз кен алаңында 30 орынды жатақхана ашылды және тағы басқа жұмыстар жасалды. Ендігі алдымызда тұрған мақсат – жатақханаларымызды заманға сай типтік жүйеге көшіру. Осыған орай өткен жылы 500-ге жуық адам жұмыс жасайтын Кенбай кен орнында модульдік жатақхананың құрылысы басталды», - деді кіріспе сөзінде «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев.
Сонымен қатар, салтанатты шараға қатысқан Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженов пен аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали мұнайшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін арнады.
Жаңа жатақхана екі қабаттан тұрады, барлық бөлмелер екі адамға есептелген. Қажетті бөлмелермен, киім кептіретін, үтектейтін бөлмелермен, қажетті техникалармен толық қамтылған.