К 30-летию Независимости Казахстана | 24 марта 10:07

Кендірліде теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы қарқынды жүруде

Қазіргі уақытта негізгі құрылыс жұмыстары толық орындалды, соның ішінде автожолдар, магистральды су құбыры, сорғы станциялары, электр беру желілері, қосалқы станциялар және ішкі инженерлік тораптар салынды, - деп хабарлайды «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі. Кәсіпорын аумағын абаттандыру және технологиялық жабдықты монтаждау жұмыстары аяқталып қалды. Қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын жаңа зауыт Жаңаөзен тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, «Астрахань — Маңғышлақ» магистральды су құбырына жүктемені азайтып, өңірде өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.   «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Кендірлі аймағындағы теңіз суын тұщыту зауытының құрылыс барысын тексерді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Зауыт 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.