К 30-летию Независимости Казахстана | 14 наурыз 16:52

Кения Қытайдан 430 жүк вагонын сатып алды

2024 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Кенияның мемлекеттік темір жолдары (KRC) Қытайдан 430 жүк вагонын сатып алды. 

Олардың  230-ы тар жол табанды 1435 мм вагондар, бұлар Момбаса – Найроби арасында  қатынайды. Қалған 200 вагонның табаны 1000 мм, олар 1900 жылдардың басында салынған теміржол желісінде қатынайтын болады.

Келесі партиямен тағы 500 вагон жеткізу көзделген. Бұл вагондар 2024 жылдың мамырында Момбаса портына келеді деп жоспарланған.

Жүк көтергіштігі 70 тонна болатын жаңа вагондар Момбаса портынан контейнерлік жүктерді шығаруды жылдамдатады. Олар 1000 мм калибрлі желіде 40 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан ескірген жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен ауыстырады. Сондай-ақ, вагондар болат темірді, цистерналық контейнерлерді, металл бұйымдарын және басқа да жүктерді тасымалдау үшін қолданбақ.