К 30-летию Независимости Казахстана | 26 шілде 09:37

Кеншілер қалашығы жасыл желекке оранып келеді

Қаражанбас мұнайшылары үшін әр аптада сенбілікке шығу жақсы дәстүрге айналған. Орталық кеңседен бөлек, кен орнындағы жұмысшылар да көшеттерді суару жұмыстарына бір үйдің баласындай атсалысады, деп хабарлады «Қаражанбасмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі.

Көктемгі ауқымды сенбілік кезінде цехтер ауласына, асханалар мен жатақханалар маңына барлығы 2 мың тал отырғызылды. Содан бері жүргізілген күтіп-баптау жұмыстарының нәтижесінде кен орны аумағы жасыл желекке оранып келеді.

Таң атысымен вахталық қалашықта тұратын жұмысшылардың бір тобы әдеттегіей шелектерін алып, аулаға шықты. Әр ағашты жеке бақылап, суару кестесін бекітетін олар бүршік атып гүлдеген талдар – еңбегінің жемісі екенін айтады.

 

Вахталық қалашық – мұнайшылардың көп уақыт өткізетін екінші үйі. Қаражанбастықтар бір қарағанда құрғақ, құнарсыз боп көрінетін жерді жасыл баққа айналдырды. Еңбектің жемісін көрген жұмысшылар бұл межеде тоқтап қалмай, алдағы уақытта да айналаны жайқалтуға ниетті.