Шынайы қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершіліктің шегі жоқ. «Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз өңірі мен көршілес аудандарға тұрақты көмек көрсетіп тұрады. Бұған серіктестіктің Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесінің күмбезді бөлігін жөндеуге қайырымдылық көмек ретінде «Баянауыл ауданының қайырымдылық қоры» қоғамдық қорына 1 506 670 теңге бөлгені дәлел.
Бұл – компанияның баянауылдықтарға көрсеткен алғашқы көмегі емес. Бұған дейін кәсіпорын Баянауыл аудандық ауруханасының провизорлық бөлімшесі үшін 2 оттегі ылғалдандырғышын сатып алу үшін қайырымдылық көмек түрінде 260 000 теңге бөлген болатын.