Компанияның ұшу өндірісін басқару жөніндегі директор Бердіхан Ағмұровтың сөзінше, соңғы ОТР көрсеткіштері 2020 жылғы әуекомпания дамуының жағымды тенденциясын көрсетуде.
«Сапарларды уақытылы орындау көрсеткіші – әуетасымалдаушының басты приоритеттерінің бірі. Сол себепті біз Қазақстан мен Еуразияның бірінші лоукостері ретінде осы төңіректе қарқынды дамып келе жатырмыз. Қазанда бұл жетінші борттың келуімен мүмкін болып отыр, ол FlyArystan флотына жақында ғана қосылған еді. Жолаушыларға қолжетімді бағамен қатар, рейстерді кешіктірмей орындау біз үшін аса маңызды», – деді лоукостердің әуе лайнер командирі.
Мониторинг нәтижесінде отандастарымыздың уақытылы орындалатын рейстерге аса көңіл аударатыны белгілі болған. Сол себепті компания қолайсыз ауа райы кезінде де бұл көрсеткіштерді төмендетпей, жолаушыларды ойлаған жеріне дер кезінде жеткізуге тырыспақ.
Халықаралық стандарттарға сай рейстерді уақытылы орындау көрсеткіші 85% құрайды екен. Бұл OTP нәтижесінде кешігу себептерінің барлық түрлерін ескереді. Кешігу кезінде қолайсыз ауа райы, өндірістік себептер және басқа факторлар жатқызады.