Өңірдегі жүк тасымалының негізгі бөлігін испорт, азық-түлік тауарлары, құрылыс материалдары, бидай, қара металл, түсті руда, мұнай өнімдері құрайды.
Бөлімшенің білікті диспетчерлік басқармасы күн сайын пойыз қозғалысының графигінің сақталуын қамтамасыз етіп, пойыздардың тұрып қалуы не кешігуін болдырмайды.
Қазіргі таңда Достық станциясын дамыту бойынша айтарлықта нәтижелерге қол жеткізілген. Станцияның өткізу және өңдеу мүмкіндігі артып, Еуропа – Қытай бағыты бойынша халықаралық жүк тасымалының көлемі артқан.
Сондай-ақ, Алакөл станциясы да екінші халықаралық өту жолының маңызды бөлігі болып табылады. Мұнда Қытай пойыздары вагондарынан қазақстандық вагондарға және керісінше жүктерді қабылдау, тиеу және жіберу жұмыстары жүргізіледі.
«Жүк тасымалының алматылық бөлімшесі перспективаға жұмыс істеп жатыр. Біз дәстүрлерді және ұрпақ сабақтастығын сақтай отырып, болашаққа негіз қалаймыз», – деді бөлімше директоры Берік Ақшалов.