К 30-летию Независимости Казахстана | 28 қазан 14:06

ҚХР пойыздарды тәуліктік қабылдау санын көбейтті

Биылғы 26 қазанда бейнеконференция форматында қазақстандық-қытайлық шекарадағы жағдай бойынша кеңес өтті. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қытай темір жолы», «Үрімші темір жолы» ЖШҚ және ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қытайлық тарап ҚХР-дан ҚР-ға тоқтап тұрған импорттық контейнерлерді жөнелтуді жеделдету ниетін растады. Жүктердің жартысын ағымдағы жылы қазан айының соңына дейін жөнелтуді жоспарланып отыр.

Бұл жағдай ел басшылығының бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 21 қазанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэннің телефон арқылы сөйлесулері барысында Қазақстан мен Қытай арасында жүктерді қабылдау мен тапсыруды қайта бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілгендігін қаперге сала кетейік. Бұған дейін премьер-министр Асқар Маминнің  ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянның атына ҚР-ҚХР автомобиль және теміржол өткізу пункттері арқылы жүктерді тасымалдаудың проблемалық мәселелерін реттеу жөніндегі хаты  жолданған болатын.

 

22 қазаннан бастап ҚХР жүк қабылдауда тәулігіне 6-дан 8 пойызға дейін  арттырса, негізінен көрші елге металл кендері, түсті металдар, кокс жөнелтілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ осы мәселені шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Үрімші темір жолының басшылығы деңгейінде апта сайын кездесулер және шекара маңындағы станциялар бастықтары деңгейінде күнделікті кеңестер өткізіледі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның негізгі міндеті ҚХР-ға пойыздарды тапсыруда күтуді болдырмау. Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз құзыреті шегінде Қазақстанның импорттаушыларына жан-жақты жәрдемдесуде.