К 30-летию Независимости Казахстана | 08 маусым 07:54

Киберспорт кубогы. Жеңімпаз балалар сыйлық алды

«Богатырь көмір» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында киберспорт бойынша бірінші кубок аяқталды, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Counter-Strike GO бөлігі бойынша жарысқа 20 қатысушы қатысты. Төрешілер жарыстың барысын бақылап, жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орынға және ойын ноутбугы сыйлығына Ислам Әлжанов лайықты болды.

Екінші орынды Артем Даниленко және үшінші орынды Трофим Терещенко алды. Оларға сыйлық ретінде Samsung Galaxy A32 смартфондары табыс етілді.

Қалған жас киберспортшылар ынталандыру жүлделерін – «Мечта» электроника және тұрмыстық техника дүкенінен тауарлар сатып алуға 5 мың теңге сомасына сертификаттар алды.

Марапаттау рәсімінен кейін «Богатырь Көмір» ЖШС жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры Азат Мәкенов компанияда кәсіпорынның намысын қорғайтын мықты команда бар екенін атап өтті. Ол ата-аналарының лайықты ауысымы өсіп, болашақта да тұрақты команда құрамына кіретініне үміт білдірді.

 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Богатырь Көмір (@bogatyr.kz)