«Kids Go Free» жобасы биыл тұңғыш рет өткізіліп отыр. Болашақта бұл сұранысқа ие болады деген ойдамыз. Туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау шеңберінде республика аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде бүгінгі таңда 1 мыңнан астам бала қамтылды. Бұл болашақта өз жалғасын табады», - деді Нұрғиса Дәуешов.
Еске салайық, биыл елімізде «Kids Go Free» жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Аталған бағдарлама 2-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге ел ішінде саяхат жасағанда тегін ұшуға мүмкіндік береді.