Оған сәйкес, беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алып отыр.
«Биыл Дүниежүзілік гимназиадада оқушыларымыз әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрамамыз ІІІ орынды иеленді. Енді олар бірінші болып ЖОО-да оқу үшін гранттар алады», – деді Асхат Аймағамбетов.