К 30-летию Независимости Казахстана | 29 қыркүйек 10:08

KIOGE-2022 көрмесі қалай өтіп жатыр?

Алматы қаласындағы KIOGE-2022 «Мұнай және газ» Қазақстандық халықаралық көрмесіне 13 елден келген 250-ден астам компаниямен қатар «ҚазМұнайГаз» холдингінің компаниялары да қатысты.

Осымен 28 рет өтіп жатқан 3 күндік шараның ашылу рәсіміне ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысты. Ресми қонақтар көрмені аралап, компаниялардың өнімдерімен танысып, Халықаралық шара жұмысына қатысушыларға сәтті жұмыс тіледі.

Көрме алаңында бизнес-келісімдер жасалып, тиімді әріптестік байланыстар орын алды. Мұнай- газ саласындағы өзекті тақырыптар талқыланды.

Биыл өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтіп жатқан отандық мұнай компаниясы-«Ембімұнайгаз» АҚ KIOGE-2022 шарасына қатысып, өндіріс және әлеуметтік саладағы жаңалықтарын ортаға салды. 100 жылға шолу жасалған деректі фильм көрсетіліп, көрме жұмысының қатысушыларына арнайы дайындалған имидждік материалдар ұсынды.