Абдулғафаров Дастан Елемесұлы – заң және экономика саласында жоғары білімі бар, «Сколково» Мәскеу басқару мектебі Executive MBA дәрежесінің иегері.
ҚМГ компаниялар тобында 17 жылдан астам қызмет етіп келеді. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ жаңа жобаларды дамыту департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды.
«KLPE» ЖШС Қазақстанда полиэтилен өндірісімен айналысады. Ол үшін этан газы қолданылады. Жоспар бойынша компания жылына 1250 мың тонна өндіреді. Шикізат ретінде жылына 1,6 млн тонна этан қолданылады деп жоспарланған.